Биыл, 2022-2023 оқу жылында, Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепті 241 түлек аяқтады. Аттестат табыстау рәсімдері салтанатты түрде мектеп қабырғасында ата-аналар мен педагогтердің қатысуымен өткізілді. Жалпы орта білім туралы аттестатқа ие болған 9 түлек және негізгі орта білім туралы аттестат табысталған 233 түлек мемлекеттік емтихандарды ойдағыдай тапсырып, кәсіптік таңдау жолында жоғары және арнаулы орта, техникалық оқу орындарында бақтарын сынап көрмек. Кейбір оқушылар мектепте 10-11 сыныптарда білім алуды жалғастырып, таңдаған мамандықтарына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқуды мақсат етеді. Алтын ұя — мектебінде білім алып, армандаған мамандықтарына қол жеткізіп, еліміздің әр түкпірінде адал қызмет ететін азаматтар болатынына сенім білдіре отырып, түлектерімізге ақ жол тілейміз! Сәт сапар, Жас Түлек — 2023!