"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«АЙНАЛАЙЫН» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ

Ақтөбе қаласы, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп” КММ-сі жанынан ашылған “Айналайын” жазғы лагері қарқынды II маусым  жұмысын 19.06 бастады. Екінші маусымда лагерьде барлығы 218 бала демалып, 4 мезгіл тамақтанды. Әр отрядта 5 топ болды. 1-отряд “Қиял қалашығы”, 2-отряд “Су патшалығы” атауымен аталды. Лагерь басшылары Н.Турежанова мен М.Тыныштық  әр күнгі жасалатын жұмысты тыңғылықты бақылап, жүйелі жүргізілуіне мұрындық болды.

Лагерь жоспарына сәйкес балалармен“Маулен” сауықтыру бассейніне, “Green Land” демалыс орталығына,”Капитан Бриг” ойын-сауықтыру орталығына, «Алақай» қуыршақ театрына, “Tree of life” аквапаркіне саяхат жасадық. Сонымен қатар «Мен бақытты баламын» атты асфальтта сурет салу, арт терапия, лингвистикалық сабақтар өтті. Маусымның жабылу салтантты жинында оқушыларға тегін балмұздақ үлестірлді.