"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2023 жылғы МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “АЙНАЛАЙЫН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ III- МАУСЫМЫ

“Айналайын” жазғы лагерінің III маусымы  04-ші шілде күні өз жұмысын бастады. Үшінші маусымда барлығы 198 оқушы “Мадагаскар” және “Гүлдер әлемі” отрядтары болып 4 топқа бөлініп, әр топ күнделікті жоспар бойынша оқушылармен қызықты да, көңілді іс-шаралар ұйымдастырды. Лагерь басшылары дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нұржігіт Бижанов пен Нұрсұлтан Айдарханов әр күнгі іс-шараларды тыңғылықты бақылап, жүйелі жүргізілуіне мұрындық болды.

Лагерь жоспарына сәйкес балалармен “Маулен” сауықтыру бассейніне, “Green Land” демалыс орталығына, ”Капитан Бриг” және «Bala park» ойын-сауық орталығына, “Tree of life” аквапаркіне, “Локоматив” кинотеатрына саяхат жасады. Ұйымдастырушы маман, дене шынықтыру мұғалімдері, психологтың ұйымдастыруымен “Спорт және Мен-адал достар!” тақырыбында эстафеталық сайыс, “Кім тапқыр”, “Дос және достық” тақырыбында психологиялық тренингтер, “Dance Battle” би жарысы, “Суреттер көрмесі” ұйымдастырылды.

III-маусымның жабылу салтанатты кеші оқушылардың жаңа қырларын танытып, өнерлерін көрсетуге, жаздай жадыраған көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік берді.