"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2023-2024 оқу жылына бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Д. Қонаев атындағы ЖББОМ» КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және  ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпанындағы  №57 бұйрығының ( 22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына  сәйкес  жүргізілетінін  хабарлайды. Мектепте бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту  орталығының  «enbek.kz»  сайтына, мектептің    «60mektep.edu»  ресми сайтына, мектептің  инстаграм  @d.konaev_zhbbom  және фейсбук парақшаларынан көруге болады;                                                                             

Конкурсқа  қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде  жүргізіледі (19.08.23. дейін);

Конкурсқа ниет білдірген адам қағиданың 107 тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар  сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса);
  4. Педагогтардың үлгілік  біліктілік сипаттамаларымен бекітілген  лауазымға  сәйкес білімі туралы  құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық  сақтау  саласындағы  есепке алу  құжаттамасының  нысандарын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазанындағы  № ҚР  ДСМ -175/ 2020  бұйрығымен  бекітілген  нысан бойынша  денсаулық  жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу  тізілімінде  № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік  тестілеу сертификаты (бұдан әрі  — ҰБТ)  немесе   педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік ( болған жағдайды).
  10. 11-қосымшаға  сәйкес нысан  бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.