2023 жылдың 29 тамыз күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 2023-2024 оқу жылындағы №1 әдістемелік кеңесі өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:
1. Әдістемелік кеңес құрамын анықтау, кеңес хатшысын сайлау;
2. 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты талқылау;
3. Әдістемелік кеңес отырысының жұмыс жоспарын бекіту;
4. Әдістемелік кафедра ережесін қарау, талқылау;
5. Мектепішілік бақылау ережесін талқылау, бекіту;
6. 1-4, 5-11 класс оқушыларының дәптерлерін тексеру ережесін талқылау, бекіту;
7. Мұғалімдердің өзін-өзі дамыту жоспарларын талқылау, бекіту;
8. Пән мұғалімдерінің жылдық және күнделікті сабақ жоспарларын жүргізу ерекшеліктерін талқылау, бекіту;
Әдістемелік кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өзекті мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңестің қаулысын қабылдады.