1 қыркүйек – Білім күні!!!
01.09.2023ж.
1 қыркүйек барша оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар үшін ерекше күн екенін білеміз. Бұл күн — Сіз бен Біздің асыға күткен жаңа оқу жылының басталу күні! Осы білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ — МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы салтанатты шара бүгін мектеп ауласында ерекше көңіл күймен аталып өтті.
Шараға 1-11 класс оқушылары мен ата — аналар қатысты. Шара барысында мектеп директоры ретінде сөз сөйлеп, барша қатысушыларды білім күнімен құттықтадым, жаңа оқу жылына сәттілік тіледім.
Салтанатты шарада биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған 1-класс оқушыларына алғашқы кітап — «ӘЛІППЕ» оқулығы заманауи тосынсыймен табысталды.
1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІМЕН барша оқырмандарды құттықтаймын! Жаңа оқу жылында шығармашылық жаңа табыстар мен биік белестер тілеймін!