"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ

2023 жылдың 29 қыркүйек күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 235 және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрықтарына негізделді. Жұмыс барысында комиссия келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне CT-KZ сертификаттарына аса назар аударды. Дайындалған тағамдардың сапасын, технологиялық жабдықтарды және олардың жарамдылық мерзімдерін, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуын, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігін, асхананың санитарлық жағдайын тексерді. Комиссия жұмысының қорытындысы мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінде қаралады және мектептің интернет-ресурсында ақпарат жарияланады.