«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз ыстық тамақпен қамту жоспарланған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп –гимназиясында 2023-2024 оқу жылы бойынша 1-4 класс оқушыларының жаппай ыстық тамақпен қамтылуы 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастау алды. Президент тапсырмасы бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде бастауыш класс оқушылары ыстық тамақпен қамтылады. Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясында 1-4 класс бойынша барлығы 1723 оқушы білім алады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы облыстық білім басқармасының басшысы бекіткен 6 күндік ас мәзірі негізінде дайындалады. Үш ауысымдық мектеп болғандықтан оқушылардың сабақ кестесіне және сабаққа келу уақытына байланысты барлық кластардың асханаға бару кестесі құрылды. Сонымен қатар 5-11 класс оқушылары арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 503 оқушы мектеп қаражаты есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды.