25 қазан — Республика күні ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мектептің қамқоршылық кеңес төрағасы Әлиұлы Боранбай және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сырбаева Сағадат Маликовна Д.Қонаев атындағы халықаралық қорының «Мерей» Орденімен марапатталды.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде 5-7 жыл қатарынан еңбек еткен мұғалімдер 100000 теңге сыйақымен марапатталды.
Мектептің дамуы мен қалыпты қызметіне зор үлес қосқан 30 кіші қызметкер 50000 теңге сыйақымен марапатталды. Қосымша ақылы білім беру қызметі есебінен, 2500000 теңге қаржы жұмсалды.
Сонымен қатар, кластарының жұмысын жүйелі жүргізіп, қызметінің ашықтығын жоғары деңгейде қамтамасыз еткен класс жетекшілер 1 2 3 дәрежелі дипломмен және мектеп класына арналған су диспенсерімен марапатталды.