2023 жылдың 27 қазанында «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназия» КММ-де Қамқоршылар күніне арналған «Жылы жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп, асырауға алған отбасыларға алғыс білдіру және материалдық қолдау көрсету.
Әртүрлі себептермен ата-анасы жоқ балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған адамдарға арналған ерекше күн. Бұл мектепте осы балалардың ата-анасы атанған жандарға алғыс айту жақсы дәстүрге айналған. Д.Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 бала мен олардың 9 қамқоршысы бар.
Мектеп-гимназия директоры Абзал Амантайұлы Тажимишев қамқорлық пен сүйіспеншілікке зәру бүлдіршінді қабылдаған азаматтар мен отбасыларға алғысын білдірді. Бұл балаларға, әсіресе, мұқтаж жандарға нәзіктік, ілтипат пен жанның бір бөлшегін бере білетін жандар үшін ерекше мереке екенін атап өтті.
Мектеп директорының бұл балаларға материалдық және қаржылай көмек көрсету туралы өтінішін осы білім ошағына қосымша ғимарат салып жатқан «Портал-ПВ» ЖШС қуана қолдады. «Портал — ПВ» ЖШС директоры Ичиев Султан Хаджи Мухарбеккови. Ұйым атынан Санбаев Тогимбай Алмажаевич қатысып, қамқоршыларға мейірімділік пен даналықтары үшін алғыс айтып, балаларға жұмсалған орасан еңбегі үшін 15 баланың қамқоршыларына ақшалай сертификаттар табыс етті. Қайырымдылық акциясының жалпы қоры 1 500 000 теңгені құрады, яғни олардың банктік шотына әр бала үшін 100 000 теңгеден аударылады.
Мереке баршаға қоғамда мейірімділік бар деген сенім сыйлады. Бүгін әрбір қатысушы өзімен бірге жүрегінде сүйіспеншілік пен мейірімділікті алып кеткеніне сенімдіміз