28-қазан күні мектебіміздің қыз балаларына арналған «Қыз тәрбиесі -ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Жиналыс барысында қыз балалардың жеке бас гигиенасы, тәртібі және қыз баланың отбасында алатын орны туралы айтылды.
Осы тақырыптар төңірегінде ДТІЖО, мектеп психологі, мектеп мейірбикесі және «Шолпы қыздар клубының мүшелері кеңестерімен бөлісті.