Тәрбие мен тәртіптің оң болуының бір кірпіші болып табылатын — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, оларды бұралаң жолдың қалтарысынан қорғауды қалыптастастыру мақсатында мектептегі жоспарлы түрде өткізетін шаралар мен мектеп инспекторларының қызметі айрықша.
Мектебімізде 2023 жылдың 14 қарашасында Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы 4 қалалық полиция басқармасының кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналдық полиция инспекторы полиция лейтенанты Бекмурзина Ақжүніс Дәуренбекқызы мен ДТІЖО Шуренбаев Нұрбек Орынбасарұлының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.