2023 жылдың 14 қараша күні “Менің әлемім” тақырыбында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс мақсатында бейімділік сабағы өтті.
Мақсаты:
-Мазасыздану деңгейін азайту, позитивті көңіл-күйді қалыптастыру.
-Шығармашылық әрекетке бірге қатысып балаларды бір-бірін оң қабылдауға үйрету, қарым-қатынасын жақсарту.
«Эбру» әдісімен таныстырып,онымен қалай жұмыс жасау керектігін көрсету.
-Дәстүрлі емес сурет техникасының көмегі мен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік беру.
-Түрі,түсі,ырғағы,композициясы,шығармашылық қызметі сурет салуды қалайтын эстетикалық сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
-Психоэмоционалдық үдеуін болдырмау.
-Балалардың ішкі сезімі мен көңіл — күйін жақсарту.
-Танымдық үрдісін, ой-қиялдарын, эмоциясы мен сезімдерін, өз-өзіне сенімділігін дамыту.
-Өзара іс-тәжірибелік қарым-қатынастарын, дағдылары мен біліктілігін арттыру.
-Балаларды достыққа, әсемділікке, шығармашылығын дағдыландыра отырып нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
«Эбру» суда сурет салу техникасы.
Балалар суда сурет салу процесін нағыз ғажайып ретінде көреді. Балалардың көңіл-күйлері көтерінкі, олар таза мөлдір суда туындайтын ізді қағазға қалдырады.
Эбру әдісі балалардың қиялына ғана көмектеспейді, ол таңғажайып салмақтылықты, сабырлылыққа әсер етеді.