"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«САБАҚ БЕРУ – ЖАҢАДАН ЖАҢАНЫ ТАБАТЫН ӨНЕР» тақырыбындағы отырыс

24.11.23 күні «Сабақ беру -жаңадан жаңаны табатын өнер» тақырыбында жас мамандарға арналған өтырыс өтті.

Мақсаты:Жаратылыстану пәнінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу.

Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

География пәнінің мұғалімі Ш.У. Мажитова  география сабағында қолданатын тиімді әдіс- тәсілдердің түрлерін, «Ментальды карта» , РАФТ» әдістері және осы әдістердің көмегімен оқу мақсаттарына жету , игеру жолдарын айтып жас мамандармен практикалық жұмыстар жүргізді.

География пәнінің мұғалімі А.М.Кеулова география сабағында оқушылардың танымдық әрекетін дамыту жолдары айтылып ,» Тарсия», «Роунд Робин » әдісі арқылы сабақты бекіту,қорытындылау түрлері көрсетіліп,»Padlet» тақтасы арқылы рефлексия    алынды.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:М.Н.Ербозымова ,С.Р.Сарина