2023 жылдың 13-18 қараша аралығында мектебімізде «Көркем өнер және эстетика» әдістемелік кафедрасының «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбында апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Апталықтың ашылу салтанаты 5-7 класс оқушыларының және кафедра ұстаздарының қатысуымен өткізілді. Ашылу салтанатында оқушыларға музыка, көркем еңбек пәні бойынша сөзжұмбақтар жасырылып, оқушылар жауап беріп жоғары деңгейде белсенділік танытты.
Апталықтың дүйсенбі күні «Менің әлемім» тақырыбында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен көркем еңбек пәні мұғалімі А.Манарбек «Эбру техникасы» бойынша сыныптан тыс шара өткізді. Қатысқан оқушылар өздерінің көркем қиялдарымен әсем бейнені «Эбру техникасы» арқылы салды. Музыка пәні мұғалімдері Е.Сатмағанбетов, Б.Мұқаш, Э.Алдиярова «Өнер – асыл қазына» тақырыбында Ақтөбе облыстық халық шығармашылық үйінен шақырылған «Әдеп» халықтық жыршы-әнші тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында шақырылған қонақтарға оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя отырып, әсем ән тыңдап, естелік суреттерге түсті.
Апталық аясында көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдері А.Айтбаев «Сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы,сызбасы», Ш.Темиралина «Разработка эскиза. Декорирование изделия с художественной вышивкой», Ж.Тулегенова «Көркемдік кестемен бұйымды безендіру», Д.Мұхамедиева «Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері», К.Искакова «Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу», Р.Алиева «Этностильдегі ұлттық киімдер», А.Жаныбекова «Бұйымның нобайын орындау. Материалдар мен құралдарды дайындау», С.Изтлеуова «Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы», А.Жайманова «Сабақтан тыс уақытым», А.Манарбек «Көркем жазба (батик, гжель, хохлома)», Ж.Дәулетбаев «Көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері», Б.Турдалин «Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым», Г.Мырзабай «Халық әні: Еркем-ай», Қ.Елеу «Қазақ халқының тұрмыстық заттарының оорындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу» тақырыптарында ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақ кезінде барлық сыныптың оқушылары белсенділік танытып, сабақтың мақсатына жете білді. Тәжірибе алмасу мақсатында кафедра және өзге пән мұғалімдері ашық сабақтарға қатысып, түрлі әдіс-тәсілдермен танысты.
Апталық кезінде көркем еңбек пәні мұғалімдері К.Искакова «Макраме техникасында гүлсауыт түйіндеу», Ш.Темиралина «Оюлы көрпе», Қ.Елеу және Б.Турдалин «Ұстаз ұлы есім-оқушы мәңгі тұлға», музыка пәні мұғалімі Г.Мырзабай «Біз өмірдің гүліміз. Б.Ғизатов» тақырыбында барлық пәндік кафедралардың ұстаздарына және жас мамандарға шебер кластар өткізді. Шебер класс кезінде қатысқан мұғалімдер өздерінің қызығушылықтарын танытып, үйренген тәлімдерін әрі қарай жалғастырып, қолдануға ниетті екендерін білдірді.
Көркем еңбек пәні мұғалімдері Р.Алиева, А.Жаныбекова 7-8 класс қыз балаларына «Қыздар сұлу көрінер өнерімен», Ш.Темиралина, С.Изтлеуова, Ж.Тулегенова 5-кластың қыз балаларына «Қызықты өнер» тақырыптарында сайыс сабақтар өткізді.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары апталыққа белсенді түрде қатысып отырды. Апталық кезінде сыныптан тыс шараларға қатысқан өнерпаз оқушылар мен ұстаздар мектеп директорының атынан «Алғыс хат» және І,ІІ,ІІІ орын грамоталарымен марапатталды.
Шебер класқа қатысқан әріптес ұстаздар өз қызығушылықтарын білдіріп, белсене қатыса отырып, үйренген қол өнерді жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Алдағы уақытта осы үрдістің яғни шебер кластың жалғасуын ұсыныс ретінде айтты.
Апталық аясында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар «Көркем өнер және эстетика» әдістемелік кафедрасының инстаграмм парақшасына жүктеліп отырды. Ашық сабақтар мектептің ютуб каналына жүктелді. Апталық аясында кафедраның барлық мұғалімдері іс тәжірибе тарату мақсатында басылым беттеріне мақала жариялады. Педагог-зерттеуші ұстаздардың озық тәжірибені тарату және бөлісу мақсатында педагогтың портфолиосы көрсетілді.
«Өнер – асыл қазына» дегендей, өнерлі ұрпақты тәрбиелеу жолындағы осындай игі шаралардың алдағы оқу жылындада жалғасын табатынына сенімдіміз.