2023 жылы қараша айының 20-25 күндері аралығында мектеп-гимназиямыздың әдістемелік және дене шынықтыру әдістемелік кафедрасының жоспарына сәйкес «Дені сау ұрпақ – ел ертеңі» дене шынықтыру пәні апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: дене шынықтыру және АӘД пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы арқылы оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, шараларға ата-аналарды тарту арқылы байланысты нығайту.
20 қазанда жоспарға сәйкес апталықтың ашылуы өткізілді. Оқушыларға апталықтың жоспары таныстырылды, мақсаты айтылды. Қазақша күрес, бокс, еркін күрес, грек рим, таеквондо үйірмелері мүшелерінің көрсетілімі болды, көркем гимнастика үйірмесінің қатысушылары спорттық биден көріністер көрсетті және чемпиондар шеруі өз ерекшелігімен есте қалды.
Апталық барысында кафедрадағы 25 мұғалімнің 20-сы ашық сабақтар беріп, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты, 7 ашық іс-шара өткізілді. Биылғы апталықта ерекше тоқталып кететін іс-шара Б.Кошбаеваның «Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сауықтыру жаттығулары» тақырыбындағы сыныптан тыс шара болды. Жоспарланған сабақтар мен шаралардың хабарландырулары чаттарға салынып отырды. Апталықтың ашылуы, өткізілген іс-шаралар мен ашық сабақтар инстаграмға жарияланды. Жоспарланған іс-шараларға, ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі қатысты. Сабақтарға талдау жасалды, кемшілік тұстары мен жетістіктер де айтылды. Әкімшілік тарапынан кейбір жас мамандарға өткен жылы өткізген сабақтарында айтылған сындар ескеріліп, орны толтырылғаны, сабақ өткізуде жетістіктері барын да атап өтті. Апталық барысында себепсіз өтпей қалған іс-шаралар мен сабақтар болған жоқ.