тақырыбында № 3 отырыс өтті.
2023 жылдың 28 қазан күні «Жаңа форматты сабақтың құрылымы» тақырыбында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Мақсаты: Жас мамандарға сабақ жоспарын құрудың талаптарымен таныстыру, сабақты қорытындылау және талдау жасауға дағдыландыру. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Жас мамандар отырысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.С.Утаршиева 7 сыныпта өткізген «Traveller’s tales» такырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспарын талдады. Сабақтың мақсаттары, дескрипторлар, ойын әдістері, жоспар бойынша сабақта қолданылған «Wordwall», «Bilimland» платформалары, рефлексия түрлері көрсетілді.Рефлексия бөлімі бойынша жас мамандарға ағылшын тілі пәні мұғалімі С.К Қуатбаева “Рефлексия билетін” үйлестірді.Парақты толтырмас бұрын рефлексия сөзінің мағынасын қатысушылар талқылап түсініп алды. Өткізілген отырыс бойынша жас мамандар бүгінгі отырыстан «Менің ұққаным», «Алдыңғы отырыстан күтетінім» деп аталатын параққа өз пікірлерін,ұсыныстарын қалдырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Кужахметова өз тәжірибесімен бөлісті. «Бес қадам», «Графикалық диктант», «Мылқау кесте» және интерактивті ойын түрлерін жас мамандарға түсіндіре отырып, практикалық жұмыстар жүргізді. Әдіс-тәсілдерді үйрену, қолдану барысында материалдардың тиімді мүмкіндіктерінің жолдарын көрсетті.
Мектеп директорының орынбасары:Ербозымова М.Н
Сарина С.Р