Интеграциялық сабақ-пәнаралық байланысты жетілдіру. Оқу материалдарын бағдарламаға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Осыған орай мектебімізде 7 “Ә” сыныбында “ Endangered species” тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Куатбаева С.К, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жаймаганбетова Ж.Т және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алишева А. М ұйымдастыруымен кіріктірілген сабақ өтті.Оқыту мақсатына сәйкес оқытушылар білім берудің тиімді әдістерін сабақ барысында қолданды. Оқушылар ағылшын тілінде мәтінмен жұмыстанып, орыс тілінде жоба қорғап, қазақ тілінді ой толғаумен бөлісті.