"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»

20 желтоқсанкүні мектебімізде «Зере» аналар мектебі  мен «Шолпы» қыздар клубының  ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларының қыз балалары арасында «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбындағы »  дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты: қыз балалардың сөйлеу, іс-қимыл мәдениеті, жүріс-тұрыс дағдысын қалыптастыру, дамыту, рухани — адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу. Кеш қонақтары: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы, Анаға тағзым орталығының медиаторы, Алтын алқа иегері Әбілбаева Бибігүл Әбдішүкірқызы, Ардагер ұстаз Курашова Майра Сейтқалиқызы және көп балалы ана  Дәулетбаева Нургуль Амантаевна. Аталмыш іс-шараны мектеп психологы Салтанат Жадырасынова тренингпен ашып берді. Кеш қонақтары «Қазақ қызы қандай болу керек?»,»Қыз балалар бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді?», «Қазіргі қыздар тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?» т.б. сауалдарға шынайы түрде тұщымды жауаптар берді.Сондай-ақ, қыз балалар да өз пікірлерін ортаға салды.Қыз балалар тәрбиесіне қатысты тыйым сөздердің мән-мағынасын ашып берді.Соңында Бибігүл Әбдішүкірқызы ақ батасын беріп, шашу шашты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дегендей, Тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, инабатты,әдепті де сыпайы,ұлттық құндылықтарымызды  сақтап, ұлықтап жүретін қыз балаларды тәрбиелеуді ұлы парызымыз деп білейік!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 И С.Мураталиева,

«ЗЕРЕ » аналар мектебінің жетекшісі Қ.М.Құлынтаева

» ШОЛПЫ» қыздар клубының жетекшісі А.Б.Исенбаева

#біртұтас_тәрбие