"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе
Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың ІІ (қалалық) кезең қорытындысы
Бүгінгі күнде ғылымдағы бәсекелестік мемлекеттік қуаттың көрсеткішіне айналды. Жаһандану заманында әрбір ел ғылым мен техниканың дамуы арқылы мақтана алады. Соның нәтижесінде абыройы тіктейді. Сондықтан, пәндік олимпиадалардың елдің ертеңіне тигізер пайдасы мол.
19-21 желтоқсан күндері 9-11 класс оқушылары арасында ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі өтті. Олимпиадалық 13 пән бойынша біздің мектептен 37 оқушы қатысып, оның 5-еуі 1-орын, 11-і 2-орын, 5-еуі 3-орын және 3 оқушы «Жоғары деңгейде білім көрсеткені үшін» Алғысхаттар жеңіп алды. Жалпы, мектеп қорына оқушыларымыз 21 диплом әкелді. Былтырғы оқу жылында жалпы мектептер арасында «Үздік мектеп» атанып, командалық есепте 2-орынды иеленген болатынбыз. Биыл мектебіміз гимназия статусына ие болды, оқушылардың білімі, жетістіктері соған сай болуы керек. Қаладағы гимназиялар мен лицейлермен бәсекеге түсіңп, командалық есепте жүлделі 3-орын және кубок жеңіп алдық. Гимназияның алғашқы жылында бірден осындай сатыға көтерілу — біз үшін үлкен жетістік. Осы жетістік жолында мектеп қоржынын медальдармен толықтырған оқушыларымыз бен олардың жетекші ұстаздарын ерекше атап өту керек. Олимпиада жеңімпаздары:
11 «Б» класс оқушысы Кәрім Аяулым «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша 1-орын. Жетекшісі Романова Мейрамгүл Картаевна.
11 «В» класс оқушысы Менгель Арина «Орыс кластарындағы қазақ тілі» пәні бойынша 1-орын. Жетекшісі Сырбаева Сағадат Маликовна.
10 «В» класс оқушысы Төлепберген Диана «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша 1-орын. Жетекшісі Бозшина Айымгүл Жауынбаевна.
10 «В» класс оқушысы Жұбаева Марьям «Қазақ кластарындағы орыс тілі» пәні бойынша 1-орын. Жетекшісі Садыкова Бибигуль Хайруллаевна.
9 «В» класс оқушысы Кубесова Азиза «Химия» пәні бойынша 1-орын. Жетекшісі Тажмаганбетова Мейрамгуль Жамбыловна.
11 «А» класс оқушысы Әбілбаева Меруерт «География» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Мажитова Шынаргуль Умирзаковна.
11 «Б» класс оқушысы Жумашева Дария «Қазақ кластарындағы орыс тілі» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Садыкова Бибигуль Хайруллаевна.
9 «А» класс оқушысы Бектенгалиева Айғаным «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Кужахметова Айнұр Самухановна.
9 «Г» класс оқушысы Мейрамбек Гүлсана «Математика» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Сүндетов Айберген Бауыржанұлы.
11 «Б» класс оқушысы Сагиева Гаухар «Ағылшын тілі» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Сыдыкова Жанар Айдаровна.
9 «Ж» класс оқушысы Райханова Айнұр «География» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Кеулова Айгерім Мақсотовна.
10 «А» класс оқушысы Қуандықова Гүлсезим «Химия» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Тамбаева Камшат Казыбаевна.
10 «Ә» класс оқушысы Утемис Абылай «Информатика» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Пашанбай Ержан Сахиұлы.
11 «Ә» класс оқушысы Нұрдәулет Мерей «Биология» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Исенбаева Айсұлу Бекмырзаевна.
11 «А» класс оқушысы Қабаш Нұрислам «Информатика» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Жұбаназаров Сұлтан Аманжолұлы.
11 «Ә» класс оқушысы Мерекеева Диана «Тарих» пәні бойынша 2-орын. Жетекшісі Қоныратбаева Алия Жеткергеновна.
9 «Б» класс оқушысы Жарқыл Махамбет «Ағылшын тілі» пәні бойынша 3-орын. Жетекшісі Сарина Сауле Рзаевна.
10 «Г» класс оқушысы Турланова Арина «Құқық» пәні бойынша 3-орын. Жетекшісі Касимов Есбол Нурланович.
10 «Г» класс оқушысы Ахмеджанова Диляра «Орыс кластарындағы қазақ тілі» пәні бойынша 3-орын. Жетекшісі Канаева Базаргүл Еркінқызы.
9 «И» класс оқушысы Мустафаев Ислам «Тарих» пәні бойынша 3-орын. Жетекшісі Амирова Мөлдір Аманбаевна.
11 «А» класс оқушысы Құрманбаев Анет «Физика» пәні бойынша 3-орын. Жетекшісі Қуанышбекқызы Ақерке.
9 «Б» класс оқушысы Умбаева Айя «Құқық» пәні бойынша Алғысхат. Жетекшісі Мұқамбетәзиев Аркен Мұқамбетәзиұлы.
10 «В» класс оқушысы Асылбекқызы Нұрайым «География» пәні бойынша Алғысхат. Жетекшісі Кеулова Айгерім Мақсотовна.
10 «Г» класс оқушысы Мұсабаева Жансая «Орыс тілі және әдебиеті» бойынша Алғысхат. Жетекшісі Дуйсенбина Гульдана Шамильевна.
Пәндік олимпиада дарынды балаларды анықтайды және балалардың ғылым жолына түсуіне көмек жасап, елдің болашақ ғылыми базасын қалыптастыруға тың үлес қосады.
Кез келген олимпиадаға дайындық мектептің оқу бағдарламасынан тысқары қосымша білім алу болғандықтан, ол өте жоғары мотивациямен өз бетінше жұмыс істеуді қажет етеді.
Біз, ұстаздар қауымы, олимпиада барысында бәсекеге қабілетті дарынды ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз. Себебі, пән олимпиадаларыныңмақсаттары — зияткерлік дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оларды жетістікке жетелеу.
Пәндік олимпиада ұстаздардың деңгейін арттырып, беделі өседі. Ұзақ уақыт олимпиадаға шәкірт тәрбиелеген ұстаздың кәсіптік білімі өзгеден оқ бойы озық тұрары анық.
Болашақ қазақ ғалымдары бүгінгі олимпиада жеңімпаздарынан шығады деген үміттеміз. Әрі олимпиада жеңімпаздарынан шыққан ғалым ол болашақта қазақ ғылымына локомотив боларына сенімдіміз.