2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

            2025 жылдың 6-8 қаңтар күндері жалпы негізгі пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Облыстық олимпиадаға қалалық кезеңде 1,2 орын алған 13 оқушы қатысты.

Қатысушының Т.А.ӘкласыпәніЖетекшінің Т.А.ӘҚОРЫТЫНДЫ
1Төлепберген Диана11ВҚазақ тілі мен әдебиетіБозшина А.Ж.1-ОРЫН
2Сағиданова Арай10АҚазақ тілі мен әдебиетіКужахметова А. С.2-ОРЫН
3Ахмеджанова Диляра11ГОрыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліСырбаева С. М.2-ОРЫН
4Балабаева Арина10ДОрыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліТөлеухан Г. М.2-ОРЫН
5Қуанышбай ИнабатОрыс тілі мен әдебиетіОтарбаева Б. Ж.3-ОРЫН
6Нугуметова АидаҚазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тіліБайгутдиева С. А.2-ОРЫН
7Қуанышғали Иманғали10АМатематикаНургалиева К. А.Алғысхат
8Артурұлы Идрис11БФизикаХудайбергенов Н. М.1-орын
9Марат Еркеназ10АФизикаҚуанышбек А. Қ.2-ОРЫН
10Утемис Абылай11ӘИнформатикаПашанбай Е. С.3-ОРЫН
11Райханова Айнұр10БГеографияКеулова А М2-ОРЫН
Қатысқаны1-орын2-орын3-орынАлғыс хатЖүлде саныЖалпы сапа пайыздинамика
1325229 (69,2%)84,6%+24,6%

  2 оқушы 1-орын, 5 оқушы 2-орын, 2 оқушы 3-орын, 2 оқушы алғысхат (4-орын) иеленді. Барлығы 11 жүлделі орын (бұл қатысқан оқушылардың 84,6% ).

Пәндік олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңдеріне талдау

      Оқу жылдарықатысқанықазақ т және әдебқазақ т (орыс кл)орыс т және әдеборыс т (қазақ кл)ағылшын тілітарихқұқық негіздеріматематикафизикаинформатикахимиябиологиягеография    жүлде саны, пайыз    команда-лық есепте
2019-202062   1        3(50%)2-орын
2020-202161      1   1 3(50%) 
2021-2022821    1    116 (75%) 
2022-2023821 1      11 6 (75%)2-орын
2023-20241631 11       28 (50%)
2024-2025132211   121  111 (84,6%)1-орын

Облыстық кезеңдерге 6-8 оқушыдан қатысса, оның саны 2023-2024 о.ж. 2 есеге өскен. Командалық есепте 2019-2020, 2022-2023 оқу жылдары облыстағы жалпы білім беретін мектептер арасында 2-орындар алғанбыз. Былтырдан бастап гимназиялық мектептермен сынға түсіп келеміз. 2024-2025 оқу жылында оқушыларымыз 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль , 2 алғыс хат алып, облыстағы инновациялық мектептер арасында 1-орынға шықтық. Былтырғы оқу жылына қарағанда +24,6% өскен.

Соңғы 3 оқу жылында бізде республикалық кезеңге қатысып, жүлделі орындар алдық. 2021-2022 о.ж. 2-орын (11-класс оқушысы Әуезханқызы Диана «Қазақ тілі және әдебиеті»), 2022-2023 о.ж. 2- орын (Менгель Арина 10-класс оқушысы «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі»), 2023-2024 о.ж. 1-орын Кәрім Аяулым 11-класс оқушысы «Қазақ тілі және әдебиеті»). Соңғы нәтиже бойынша Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы «Республиканың 100 үздік мектеп» қатарына енді.

Ынталандыру тетіктері. Пәндік олимпиаданың жылдан жылға маңыздылығы артып, жұмысының сапасы, оның нәтижелерінің едәуір өскені де айқын көрініп тұр.  Бұл жерде бастысы, әрине жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыра білу және педагогтың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Дегенмен, нәтижелі еңбек жасап жатқан, олимпиада жеңімпаздарын қалалық, облыстық, республикалық деңгейге дейін жеткізген педагогтерге және жүлдегер оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан олимпиадаға қатысуға ынталандыру тетіктері қарастырылғандығы да маңызды роль атқарады.  Атап айтқанда, мектеп қаражаты есебінен олимпиада жеңімпаздарын шығарған педагогтерге ақшалай сыйақы тағайындалды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада 9-11 кл1-орын2-орын3-орын4-орын (алғыс хат)
Қалалық100 000 тг80 000 тг70 000 тг40 000 тг
Облыстық150 000 тг130 000 тг120 000 тг70 000 тг
Республикалық200 000 тг190 000 тг180 000 тг100 000 тг

Мектеп әкімшілігі мектептің гимназия статусын алып, олимпиадалық бәсекелестіктің өсуіне байланысты биылғы 2024-2025 оқу жылынан бастап сыйақы көлемін тағы да өсіру туралы педагогикалық кеңесте ұсыныс жасады:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада 9-11 кл1-орын2-орын3-орын4-орын (алғыс хат)
Қалалық150 000 тг120 000 тг100 000 тг50 000 тг
Облыстық200 000180 000150 000100 000
Республикалық250 000 тг220 000 тг200 000 тг150 000 тг
 Сыйақы алған педагогтер саны
 2022-20232023-20242024-2025Жалпы саны
қалалық14242864
облыстық681125
республикалық112
Берілген сыйақылардың жалпы сомасы2 080 000 тг3 160 000тг4 930 000тг.10 170 000тг

Педагогтерге ынталандыру ақшалай сыйақылармен қоса, жүлдегер оқушыларды да жеңіске жетелеу, оларға сенім білдіру үшін былтырғы оқу жылынан бастап облыстық олимпиадада жеңімпаз атанған оқушыларына мектеп қаражаты есебінен Алматы қаласына тегін жолдама берілді. 8 оқушы Алматы қаласына саяхаттап, Д.Қонаев мұражайында болып қайтты. Биылғы жеңімпаз 11 оқушы да Алматы қаласына жолдама алды.

Қорытынды: Жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және педагогтың тынымсыз еңбегіпәндік олимпиаданың шыңын бағындыруға қажетті ең негізгі критерий. Сол дайындықтың жүйесін дұрыс ұйымдастыра білу де педагогтен үлкен шығармашылықты талап етеді.  Дарынды оқушыларды танып, оларды пәнге баулу, жеңіске ынталандыру – педагогтің міндеті. Пәндік олимпиаданың маңыздылығы мен оның жүлдесінің салмағын, әр педагогтің жұмысына баға беру, кері байланыс алу – осының бәрі жұмысымызды алға жылжытып, оң әсер береді. Олимпиада жұмысының 5 жылдық нәтижелерін талдай келе, бағытымыз дұрыс, жұмысымыз қанағаттанарлық болды деп қорытынды жасаймын.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары              Садыкова Б.Х.