2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДА  ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЕМТИХАНДАРДАН БОСАТУ ТУРАЛЫ

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы.

3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

      36. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

      2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

      38. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

      39. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

      Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

 50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

     2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы.

51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

      1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

 3) нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

      4) жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

      Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын, бірақ ерекше білім беру жағдайында оқытылған немесе мүгедектігі бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

/«Қорытынды аттестаттау өткізу комиссиясын құру туралы» №95 бұйрық 31.01.2025ж. /