"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Профилактикалық кеңес

Мектебімізде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8️⃣ қаңтар күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кеңес өткізілді.

Профилактикалық кеңестің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылықтың алдын алу.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1 Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктің алдын алу бағытында атқарылған тәрбие жұмыстары туралы.

2 Психологтардың білім алушылармен жүргізілген жұмыстары (жеке оқушымен жұмыс) туралы.

3 Оқушылардың арасында жүргізілген құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары.

4 Мектепішілік есепке алу туралы.

Отырыс барысында Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы 4 қалалық полиция басқармасының кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналдық полиция инспекторы полиция лейтенанты Бекмурзина Ақжүніс Дәуренбекқызы оқушылар арасындағы ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі ұрлық жасамау туралы айтып өтті. Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.О.Шуренбаев  оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мен оны болдырмаудың жолдарын түсіндіріп, сақтық шараларын да үнемі есте сақтау керектігін еске салды.

@d.konaevmektepgimnaziya

@d.konaev_tarbie_zhumysy

@abzaltazhimishev

@nurbek_orynbasarovich

@tarbie_isi_orinbasary_indira