"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ЖАСТАРЫ МЫҚТЫ ЕЛДІҢ – КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

11 қаңтар күні Ақтөбе жастары орталығының ұйымдастыруымен қала жастарына арналған «Жастарға кеңес» жобасы аясында «Жастары мықты елдің — келешегі кемел» атты Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуде орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық және синтетикалық есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, лудомания мен буллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі  Берик Абыз жастарға өз тәжірбиесімен бөлісіп, кәсіпте жетістікке жетудің басты жолы тәртіп пен білім екендігін тілге тиек етті.

Кездесуде  оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесуге 270 жуық жастар қатысты.

#JastarElTiregi

@d.konaevmektepgimnaziya

@d.konaev_tarbie_zhumysy

@abzaltazhimishev

@nurbek_orynbasarovich

@tarbie_isi_orinbasary_indira

#біртұтас_тәрбие