Д. Қонаев атындағы ЖББО мектеп-гимназиясы «Өз мектебіңнің ерекшелігін көрсет» тақырыбында Республикалық конкурсына мектебіміздің бірқатар ұстаздары мен оқушылары қатысты.
-Байқаудың басты мақсаты-мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру , өз мектебінің мәртебесін көтеру, оқушылардың командада жұмыс істеуіне, топтық белсенділікке , жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Еліміздің түпкір- түпкірінен қатысқан 200-ге жуық мектептің арасынан жүлделі орынға және кубоккқа ие болдық. Біздің мектеп республикалық дәрежеде жүлделі орынға ие болуы біздің ұжымның жоғары білім деңгейінің, шығармашылық әлеуетінің және күшейтілген жұмысының дәлелі болып табылады.