«Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», — деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 5 «В» сыныбына «Заманауи кітап қазыналары, әлемдегі ең ірі кітапханалар» атты кітапханалық сабақ өткізілді.
Мақсаты: әлемдегі ең ірі кітапханалар туралы мәлімет бере отыра, білімдерін кеңейту.