"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ЖЕҢІМПАЗДАР ШЕРУІ

Бүгінгі мерекелік шара — ЖЕҢІМПАЗДАР ШЕРУІ!  Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының үлкен сахна төрінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпадада жүлделі орындар иеленген оқушыларды және олардың ұстаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олимпиаданың ІІІ кезеңінде оза шауып, білім шыңында жұлдызы жарқыраған жеңімпаздарымыз облыстық білім басқармасының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» ОҒТО алғысхаттарымен марапатталды. Баласына жанжақты қолдау білдірген ата-аналарға мектеп директоры атынан алғысхаттар табысталды. Шәкірт жетістігі — ұстаз мерейі. Дарынды оқушыларын бәйгеге қосып, біліммен жеңіске жетуді үйреткен  ұстаздардың еңбегі еленіп, оларға сыйақы — ақшалай сертификаттар табысталды. Мектеп әкімшілігі оқушыларды  мотивациялау мақсатында 8 жеңімпаздың әрқайсысына жазғы каникулда Алматы қаласындағы Д.Қонаев музейіне саяхаттауға жолдама беруді ұйғарды. Жолдама сертификаты оқушыларға келесі  жарыстарда үлкен мотивация болмақ. Барлық жеңімпаздар мен олардың ұстаздарын бүгінгі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары:

Кәрім Аяулым

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Менгель Арина

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Орыс кластарындағы қазақ тілі» пәні бойынша

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Бектенғалиева Айғаным

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Төлепберген Диана

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Әбілбаева Меруерт

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«География» пәні бойынша

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Райханова Айнұр

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«География» пәні бойынша

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ

Сагиева Гаухар

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Ағылшын тілі» пәні бойынша

АЛҒЫС ХАТ

Жумашева Дария

Жалпы білім беретін пәндер бойынша

республикалық олимпиаданың ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде

«Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша

АЛҒЫС ХАТ