2024 жылдың 31 қаңтар күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия жұмысы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына негізделді
Асханадағы құрал — жабдықтың орналасуынан бастап, барлық технологиялық процестердің бірізділігі мен ағымдылығын, шикі және пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің жанасу мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсетуге, жууға, дезинфекциялауға және жөндеуге арналған жабдыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігі қаралды. Шикізат және тұтынуға дайын тамақ өнімдері үшін бөлек технологиялық және тоңазытқыш жабдығы, өндірістік үстелдер, әріптік және түстік таңбалауды пайдалана отырып таңбаланған бөлшектеу мүкәммалы (инвентарь) және асүй ыдысы толық тексерілді. Сонымен қатар тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізатының, тамақ өнімдерінің ілеспе құжаттамасымен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттарымен танысты.