"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Поэзия! Менімен егіз бе едің?

 Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Поэзия! Менімен егіз бе едің?” атты әдеби шара өтті. Шараға 7 “А”, 7 “Б”, 8 “Ә” сыныптың оқушылары қатысып, ақиық ақынның өлеңдерін жатқа айтты, “Бақыт деген” әнін шырқап, поэмаларынан үзінді оқыды. Сондай-ақ, шара барысында мұзбалақ ақынның өмірбаянына арнап түсірілген “Бұл ғасырдан емеспін” фильмінен үзінді көрсетіліп, сұрақтарға жауап алу ойын түрінде ұйымдастырылды. Шараның өтуіне ат салысып, белсенділік танытқан сыныптарға алғыс білдіреміз.