"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Нағыз досыңның болғанын қаласаң — дос бол!»

 Бүгін мектебіміздің күн тәртібі «ДосболLike» акциясы негізінде ұйымдастырылған ЖӘРМЕНКЕМЕН толықты. АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:  мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.

«Жүрекке жылу сыйлайық» тақырыбында өткізілген шараға 9 класс оқушылары толық қатыстырылып, түгел жұмылдырылды. Жәрменкеден түскен қаражат мектебіміздегі көмекті қажет ететін әлеуметтік жағдайы орта отбасыларға берілмек. Аталмыш акцияның барысында оқушыларымыз қоғамның маңызды бөлшегі екенін сезініп, бойларында  жанашырлық, қайырымдылық қасиеттері қалыптасады деп сенеміз.

 #біртұтас_тәрбие  #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

 #dosbollike

@@aqtobe_bilim_basqarmasy

@obrazovanie_gorod_aktobe

@birtutas_tarbie2024