Профилактикалық кеңестің мақсаты:
— жасөспірімдер арасында темекі және вейп электронды темекі зардабының алдын алу.
Отырыс барысында ДТІЖО Н.О. Шуренбаев, ДТІЖО И.С.Мураталиева мен мектеп психологтары жасөспірімдер арасында кеңінен тарап жатқан темекі мен вейп электронды темекі мектеп оқушылары үшін тыйым салынатындығы мен оның тәуелділік тудырып, денсаулыққа зияны зор екендігін атап өтті.
Никотинді электронды темекі жасөспірімдерде мидың дамуына теріс әсер етуі және оқу қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Мұндай қиындықтарды болдырмау үшін баланың өзі вейптің ағзаға тигізетін зияны туралы біліп, электронды темекіні қолданудан аулақ болуына жиі ескертулер айтылып, түсіндіру жұмыстары жиі жүріп отырғаны дұрыс. Темекі шегу жасөспірімді өзіне өзін жау ететінін түсінуі, ең дұрысы олар мүлдем темекі шекпеу керектігін алға тарта отырып, мектепте қатаң қадағалау мектеп әкімшілігі тарапынан, тыс уақытта ата-аналардың жиі бақылауында болуы керектігі айтылды.
@d.konaevmektepgimnaziya
@d.konaev_tarbie_zhumysy
@abzaltazhimishev
@nurbek_orynbasarovich
@tarbie_isi_orinbasary_indira