"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Әйелдер романының салоны

Көктемнің гүл мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кітапханамыздың медиа оқу залында “Қазақ тағылымындағы әйелдер бейнесі” тақырыбында әйелдер романының салоны ұйымдастырылды. Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу, ақылды да ажарлы, дарынды да талантты қолаң шашты аруларды насихаттау мақсатында өткен шараға 9 “А”, “Б”, “В”, “Г”, “Ғ” сыныптың нәзік жандылары қатысып, әдемі әңгіме өрбіді.

Әдебиетіміздегі әйел тағдыры, әйел теңсіздігі туралы жазылған шығармаларға талдау жасалып, “Шашының ұзындығы ізін басқан”, “Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген”, “Қыпша бел, қиылған қас,қолаң шашты” бөлімдері бойынша ақыл-кеңестер беріліп, сұраққа жауаптар алынып, өнегелі бейнематериалдар көрсетілді.
Еркін форматта өткен дөңгелек үстеліміздің нәзік жандылары болашақта ұлттық құндылығымызды насихаттайтын шаралардың үзбей өткізілгенін қалайтындарын жеткізді…

Қуаныш Гүлдана Мұратқызы

«Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ»

 КММ-нің кітапханашысы