"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Жастық жігер жалында!»

Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының @unescoclubs_kz «Жылды жақсылықпен баста» республикалық акциясын қолдау мақсатында  және «Жастық жігер жалында!» апталығы жоспарына сәйкес  мектебіміздің жас мамандарымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

2024 жылдан бастап елімізде Наурызнама онкүндігі  бекітіліп, аталмыш онкүндік жоспарына сәйкес 15 наурыз қайырымдылық күні ретінде белгіленгені баршаңызға мәлім. Осы Наурызнамаға сәйкес  15 наурыз күні қалалық қарттар үйі тұрғындарына қайырымдылық концерті өткізілді. Шараның мақсаты – жаңа еңбек жолын бастаған жас мамандардың бойына үлкенді құрметтеу, сыйлау қасиеттерін ұштай түсу. Жас педагогтер дайындаған шара қарттар үйіндегі үлкендердің көңілінен шығып, батасын алды. Осындай сауапты істі ұйымдастыруға атсалысқан жас мамандарымызға  алғыс білдіреміз! Жылма-жыл осындай игілікті істерге араласып, сауапқа кенеле берейік