Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының @unescoclubs_kz «Жылды жақсылықпен баста» республикалық акциясын қолдау мақсатында және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясының логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, психолог мамандарының бірлескен «Мейірімділік аймағы» атты іс – шара ұйымдастырылды. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне,жан — жақты дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.
Баланың танымын қалыптасытаратын ойын әрекеті болып саналады. Көп педагог – ғалымдардың еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді. Өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене бітімі жағынан дамуынада алға жетелеп, адамгершілік қасиеттерін дамытады. Аталған іс – шара барысында оқушылар түрлі жаттығулар, көңілді тапсырмалар орындады. Жұмыс барысында қатысушы балалар жоғары белсенділік көрсетіп, сыйлықтарға ие болды.
Ата – аналардың және мұғалімдердің сүйіспеншілікке толы кез келген бастамасы баланың көңілді күлкісімен марапатталатынын тағы да ескертіп айтқымыз келеді.