Оқушылардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелесе, шешендік өнер табан астынан сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. Мақал-мәтелдер арқылы сөздік қоры молайса, жұмбақтар арқылы жеткіншектің қиялы өсіп, шыңдалады. Ал айтыс — халықтың көзі.
Көненің көзін ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде айтыстың алар орны бір төбе. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін шаралардың үзбей өткізілгені біз үшін аса маңызды. 19 наурыз — Зияткерлік күніне орай өткен шараға қатысқан 7 “Б” сынып оқушылары және домбыра үйірмесінің оқушыларына алғыс білдіреміз.
Гүлдана Мұратқызы
Кітапханашы