5-6 кластар арасында математика, қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілінде оқитын мектептер үшін), қазақ тілі (орыс тілінде оқитын мектептер үшін), ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша «Достық-2024» кешенді пәндік олимпиадасы ғылыми білімдері мен оқушылардың қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында өткізілді. Олимпиадаға озат оқушылар іріктеліп 5 кластар бойынша 78 оқушы, 6 кластар бойынша 92 оқушы қатыстырылды. Кешенді тестілеу нәтижесінде әрбір оқушының білім деңгейі таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып мектеп мерейін қалалық, облыстық деңгейде қорғап келген 6 «П» класс оқушысы Чингис Есмагамбетовты марапатымен құттықтаймыз. Жетістігіңіз құтты болсын!
Пән мұғалімдері: ағылшын тілі мұғалімі Жапарова А.М, қазақ тілі пәні мұғалімі Жанбирбаева Т.С, Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Амирова М.А, математика пәні мұғалімі Шуйншина А.З.