"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Олимпиада жеңімпазы — Кәрім Аяулым

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 11 «Б» класс оқушысы Кәрім Аяулым жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде «Қазақ тілі және әдебиеті»  пәні бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Кәрім Аяулым — «Алтын белгіге» үміткер, көптеген жарыстарда үнемі топ жарып жүрген дарынды оқушы:

  • Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы оқулары бойынша эссе жазудан республикалық байқаудың жүлдегері;
  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиада -2023 жүлдегері;
  • Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада-2022 жүлдегері;

Бала кезінен қазақ тілі және қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихын сүйіп оқиды. Болашаққа артар үміті өте зор. Арманы — қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мықты маманы, педагог болу. Бұл жолда Аяулымның бағындырған белестері, алар асулары аз емес. Аяулымды ғылым жолына бастап, бағыттаушы —  педагог-шебер, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Романова Мейрамгүл Картаевна.