Кезекті өндірістік кеңес пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде 1-орын иеленген 11-класс оқушысы Кәрім Аяулым және оның жетекшісі, педагог-шебер, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Романова Мейрамгүл Картаевнаны ұжым алдында құттықтаумен басталды. Мектеп директоры Тажимишев А.А. шәкіртін жеңіске жеткізген педагогке 200 000 теңгелік сертификат және ұстазының, мектептің, облыстың мерейін асырған Аяулымға да 200 000 теңгелік сертификат табыстады. Ұстаздың еңбегі шәкіртінің білімімен бағаланбақ болса, әріптесіміздің бүгінгі марапаты әбден лайықты!