Биылғы 2023-2024 оқу жылында қалалық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес қала мектептерінің директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларын қала бойынша 8 микротопқа бөлген болатын. Әр микротопқа белгіленген тақырыптар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіліп келеді.
2024 жылдың 11 сәуір күні 7-ші микротоптың семинары ұйымдастырылды. Микротоп мүшесі ретінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.Н.Ербозымова және С.Р.Сарина өз тәжірибелерімен бөлісті. «Мектептегі жоба — ХХІ ғасырда басқару мен стратегиялық дамудың тетігі» тақырыбында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті микротоптағы тәжірибе алмасу алаңында «Жас мамандар мектебі: әдістеме және тәжірибе» тақырыбында өз жобаларын ұсынды. Жобаның мектеп ашылғалы өткен кезеңдері мен қазіргі күнгі жұмыс барысы таныстырылды. Тыңдаушылар тарапынан оң пікірге ие болып, жас мамандарымыздың ән шашуымен жақсы көңіл-күйде жұмыстың нүктесі қойылды. Жас мамандар мектебіндегі жұмыстар әлі де өз жалғасын таба бермек