Мектебімізде, “29- сәуір Халықаралық би” күні мерекесіне арналған «Би әлемінде» атты мектепішілік би байқауы өтті. Іс-шараның негізігі мақсаты оқушыларға өз халқымыздың және өзге де халықтардың мәдинетін танып білуге бағыттау, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді би қимылдары арқылы музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр — сырын үйрету. Ұйымдастырылған сайыс бірнеше номинация бойынша бағаланды. Жарысқа “Гимнастика”үйірмесімен “Әсем гүлдер” би ұжымының оқушылары, сондай-ақ бастауыш және орта буын оқушылары да қатысып, өзара топтық, жекелей, дуэт болып та өз өнерлерін көрсетті. Сахнада қазақ, ұйғыр, заманауи стильденген билер, аралас би үлгілері және спорттық-гимнастикалық билер де биленді. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған өнерпаздарымызға 1-2-3-орын дипломдары және арнайы алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараны ұйымдастырған: Гимнастика үйірмесінің жетекшісі — Тубирова А.Е.
Мектеп хореографы- Алдиярова Э.А.
Мақала авторы Тубирова А.Е.