Қазіргі таңда кез келген жағдайда қауіпсіздік басты назарда. Осы орайда мектебімізге жедел-құтқару жасағынан келген бас құтқарушылар — Тлепқалиев Алдияр Бекимович және Наталий Антон Иванович тарапынан оқушыларға құтқару жұмыстары туралы айтылды.
Жазғы маусымда өзен-көлдерде, жағажай маңында қауіпсіздік пен көрсетілген арнайы ережелерді сақтау жөнінде хабарлама берілді. Сонымен қатар осы тақырып турасында Алматы ауданы #4 ҚПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты -Үкібай Б оқушыларды қажетті мәліметтермен ақпараттандырды.
Мектеп АӘТД — Мұқаш Баймен “Терроризмнің алдын алу шаралары” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кез келген ортада сақтық шараларының сақталуы- адамзат қауіпсіздігі мен өміршендігінің кепілі.
@d.konaevmektepgimnaziya
@abzaltazhimishev
@nurbek_orynbasarovich
@tarbie_isi_orinbasary_indira