"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Тәртіп сақшылары” жасақталған аяқталмаған құрылыс нысандарын бақылауы

22.05.2024 ж күні мектеп мұғалімдерінен жасақталған тәртіп сақшылар 1-ші мөлтек ауданы, Сапура Мәтенқызы көшесіндегі тұрғын үйлер жанында кешкі рейд жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген бақылау барысында 1-ші  мөлтек ауданында #47, 50,52  үш қабатты тұрғын үй кешенінің ішкі-сыртқы көрнісін жіті назарға алды. Тұрғын үй кешенің құрылысы аяқталмаған, біраз жылдардан бері тоқтатылған. Ішкі қабаттарында құрылысқа керекті жабдықтар, түрлі қажетті заттар сақталған. Қазіргі кезде бұл үйлер қараусыз, арнайы күзет бақылауында жоқ. Есік, әр қабаттағы терезелердің ашық-шашық күйде болуы, ішкі дәліздерде, бөлмелерде қоқыс, лас заттар сонын айқын дәлелі.

Осы орайда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында осы мәселені назарға алып, ата-аналарға ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Барлық, Есет батыр мөлтек ауданындағы қала тұрғындарының, ата-аналардың назарына

Кешкі уақыттарда балалардың ересек адамдардың бақылауынсыз көшеде жүрмеу, атап айтқанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерінің маңында жүрмеу,  қауіпті жағдайда тұрған (қабырға, ішкі саты, терезе, есіктері жарық, сынған, бұзылған) үйлердің  ішіне кірмеу, айналасына қоқыс қалдықтарын қалдырмау мәселелерінде мұқият болуды ескертеміз!!!

Әр адам өзі бірінші кезекте  қоғамға ортақ дүниелерге аса жауапкершілікпен қараса, қоғамда, адамзатта тең дәрежеде қауіпсіз және ынтымақтастықта өмір сүреді.

@d.konaevmektepgimnaziya

@abzaltazhimishev

@nurbek_orynbasarovich

@tarbie_isi_orinbasary_indira