«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады.
1 – маусым – «Балалар күніне» орай, қалалық деңгейде өткізілген ауқымды іс-шаралар легі өте көп. Соның бірі мектеп кітапханасы ұйымдастырған «Кітап – балалар әлемінде» кітап көрмесі. Яғни оқушылардың қызығушылығын ескере отыра, мектеп кітапханасы әр түрлі кітаптардан көрме ұйымдастырды.
Мақсаты: әр түрлі тақырыптағы кітаптарды оқыту арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Аталған іс-шара ашық аспан астында, мектеп алаңында ұйымдастырылды. Оқушылар әр түрлі ертегі, әңгімелермен танысып,өз ойларымен бөлісті. Мектеп кітапханашысы оқушылардан жыл бойы оқыған кітаптары бойынша сұхбат алды.
Кітап көрмесі шығармашыл оқушылардың поэзия оқуымен қорытындыланды.