"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2024 ЖЫЛҒЫ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “АЙНАЛАЙЫН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ I- МАУСЫМЫ

Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.

Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ жанындағы «Айналайын» жазғы лагері  2024 жылдың 03 маусым күні өз жұмысын бастады.

Барлығы 204 оқушы , 1-ші отрядта 5 топ, 2-ші отрядта 5 топ  болып бөлінді. Әр топ күнделікті жоспар бойынша оқушылармен қызықты да, көңілді іс-шаралар ұйымдастырды.3 маусымының бірінші күні лагерь демалушыларына өте қызықты өтті.Жоспар бойынша барлық лагерь демалушылары қауіпсіздік ережелерімен танысып, дәрігерлік пунктен тексеріліп ,дәмді тамақ ішіп,тынығып, “Көңілді старт” эстафеталық ойындарын ойнады.Лагерь басшылары дене шынықтыру пәні мұғалімдері Жанашов Б. пен Ысқақов Б. әр күнгі іс-шаралардығ балалардың белсенді қатысуын қадағалап, тәрбиелік мәні бар іс-шараларды ұйымдастырып,балалардың дамуына үлес қосты.