"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2024 ЖЫЛҒЫ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ “АЙНАЛАЙЫН” ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ I- МАУСЫМЫНДА “АНТ БЕРУ” ЖӘНЕ “ҮЗДІК ЭМБЛЕМА” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ жанындағы «Айналайын» жазғы лагерінің І маусымының барлық қатысушылары топ басшысымен “Ант беру” рәсімін өткізіп,“Үздік эмблема” байқауында бақ сынасты. Түскі ас ішіп, тынығып алған соң барлық лагерь қатысушылары таза ауада өткізілген “Арт терапияға”қатысты. Арт терапияда лагерь демалушылары еркін тақырыпта қызықты суреттер салып, көтеріңкі көңіл күйде болды.