“Айналайын” жазғы лагерінің II маусымы 17 маусымда өз жұмысын бастады. Екінші маусымда барлығы 210 оқушы қамтылды. Оқушылар тәттілер әлеміне түсіп «Скиттлз», «Сникерс», «Маршмеллоу», «Ванилопа», «Ральф», «Тоффита», «Пончик» атты топтарға жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінді. Екі аптаға созылатын демалыста оқушыларды жоспар бойынша қызықты да, көңілді іс-шаралар күтуде. Сонымен қатар демалушылар «Алақай» қуыршақ театрына, «Ақбарыс» бессейніне, Kinopark кинотеатрына, Гринленд демалыс базасына, Киндерленд ойын сауық орталығына, Tree of life аквапаркіне және жас натуралистер станциясына саяхатқа бару жоспарланып отыр. Балалар 4 мезгіл тамақтанумен қамтылды. Лагерь басшылары Бижанов Нұржігіт пен Тыныштық Мирас әр күнгі іс-шараларды тыңғылықты бақылап, жүйелі жүргізілуін қадағалап отыр.