Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, түнгі уақытта оқушылардың ата-анасының қарауынсыз көшеде жүруінің алдын алу үшін Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының ер мұғалімдерінен құралған арнайы топ 2 мөлтек ауданы аумағына рейдке шықты. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ ата-аналарға жауапкершіліктің маңыздылығын ескерту. Мұғалімдер қоғаммен бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін арттыруға үлес қосуда.