Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойымен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты- музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы — адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу мақсатында 7 қазан күні Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының медиа кітапхана оқу залында 9 “К” (орыс класы) сыныбымен “ Сезім пернелерінің сыры” атты бейне-кейс ұйымдастырылды.
Оқушылар арнайы әзірленген бейнематериалды тамашалап, “Музыка” тақырыбында постер қорғап, арнайы бағдарламаның ұяшықтарында жасырылған жұмбақтардың шешімін тапты.
Қуаныш Гүлдана Мұратқызы
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының кітапханашысы