«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Кітапты көп оқу – ол адамның ой-өрісін кеңейтеді, білімін жетілдіреді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу мәнерін дамытады.
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі халқының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда болмасын кітаптың алатын орны бөлек. Адамның кемелденуіне бірден-бір себеп болатын нәрсе ол – кітап оқу. Қаншама дамыған технологиялар шықсада, бірақ олардың ешқайсысы кітаптың орнын баса алмайтыны анық.
Қазіргі кезде республикалық деңгейде жүріп жатырған шарамыздың бірі – «Оқуға құштар ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызда «Кітап – ғұмырлық байлық» атты кітап сыйлау акциясы өтті.
Шараның мақсаты – кітапхана қорын молайту және жаңа әдебиеттермен толықтыру.
Шарамызға қаламыздағы «Student book» кітап дүкенінің өкілі Нұрсұлтан мырза және мектебіміздің 2 «М» класының ата-анасы, «Жас ұлан» ұйымының оқушылары қатысты. Шарамыздың қонақтары өздерінің жеке кітапханасынан арнайы кітаптар әкеліп, мектеп кітапханасына табыстады.
Шара соңында «Жас ұлан» ұйымы оқушылары кітап туралы қызықты деректермен таныстырды. «Домбыра» үйірмесінің өнерлі оқушылары домбырамен күй тартса,5 «И»класының биші қыздары кітаппен әсем би биледі.
Ақтөбе қаласы «Д.Қонаев атындағы жалпы
білім беретін орта мектеп гимназиясы»
кітапханашысы Берегенов А.Қ.