Жалпы білім беру саласында қолданылатын бұл бағыт мүмкіндігі шектеулі бала өз қатарластарымен бірдей бірақ жеңілдетілген талапта білім алуына мүмкіншіліктер береді. Инклюзивті (француз инклюзиві – соның ішінде, латын тілінен кіреді – қорытындылаймын, қосамын) немесе инклюзивті білім беру дегеніміз – жалпы білім беретін (жаппай) мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттайтын термин.Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балалар физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне кіретін оқыту мен тәрбиелеу процесі. Олар өздерінің білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, мүгедек емес құрдастарымен бірге тұрғылықты жеріндегі негізгі мектептерде оқиды. Сонымен қатар, оларға арнайы қолдау көрсетіледі. Инклюзивті білім балаларға қатысты кез-келген кемсітуді болдырмайтын идеологияға негізделген – барлық адамдарға тең қатынас қамтамасыз етіледі, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдайлар жасалады. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы — барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр. Инклюзивті білім берудн ескеретін қағидалар:
— барлық балаға бірдей қарым-қатынас;
— Балалар арасында дискриминация болдырмау;
— арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау
Инклюзивті білім берудің мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен бірлескен серуендерді,мерекелік іс шараларды,сайыстарды өткізу үшін біріктіріліп жұмыстар жүргізіледі.Арнайы мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегіне ата аналарды тартылып,баламен жұмыстанады.
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
— Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
— Қоғамның көзқарасын өзгерту
— Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
— Толық білім алуды ұйымдастыру
— Қоршаған ортаға бейімдеу
— Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
— Өз өзіне сенімін арттыру
— Кедергісіз аймақ
Мүмкіндігі щектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты-білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтық құжаты дамуында жетіспеушілігі бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып табылады. Шетелдердің тәжірибесін алатын болсақ, 1994 жылы Испания елінде Соломон декларациясы қабылданған болатын. Яғни бұл декларацияның негізгі көздеген мақсаты- барлық балалардың мектепте оқуға құқығы бар екендігін дәлелдеу және бұл тұжырымды білім беру заңдылығына енгізу болып табылады. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту
Сонымен қатар ТМД елдерін алатын болсақ, бірінші болып, Ресей Федерациясы инклюзивтік білім беруді өз тәжірибелеріне енгізе бастады. Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция мәселесі бар. Бұл академик В.И. Лубовскийдің сөзімен айтқанда, «қажеттіліктен»туындаған интеграция. Оның себептері арнаулы мекемелердің болмауы немесе ол мекеменің бала мен отбасынан қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата- аналардың балаларын арнаулы мекемелерде оқытқылары келмеуі болып табылады.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес,жүйенің өзінің кез келген баланы қосып алуға дайындығында.Барлық педагогтар мен ата аналар инклюзивті білім беруді жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға тек уақыт өткізу үшін емес,білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Инклюзия қаншалықты оқу-тәрбие үдерісінде пайдалы, сау балалардың ата-аналарының инклюзивті білім беру туралы идеяны қабылдай алуы т.б. мәселелердің туындайтыны заңдылық. Инклюзивті білім беру мәселелерін зерттеу, келешекте инклюзивті білім беру идеясын жүргізуде бағасы жоқ көмек көрсетеді.
Қортындылай келе, өмірге инклюзив идеясын енгізу, барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін, әрбір оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің дамуына ықпал ететін педагогиканың және білім беру ұйымдарының міндеті деп есептейміз.
Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім- барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын! Жас маман ретінде, ел басымыздың салдарлы саясаты негізінде, инклюзивті білім беруді дамытуға өз үлесімді қосқым келеді.
Арнайы педагог: Тұралиева А.Е
Тәңірбергенова А.Ж